Accessibility links

5 медбике мен 1 дәрігердің екінші рет өлім жазасына кесілуіне бүкіл әлем наразы


ТРИПОЛИ: Кеше Ливия соты болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігерді “жергілікті ауруханадағы 100-деген балаға ВИЧ/СПИД індетін жұқтырды” деген айыппен өлім жазасына кесті. Жазаға кесілгендердің адвокаттары бұл өкімді бұздыру үшін Ливияның Жоғарғы сотына шағым жолдайтындарын мәлімдеді. Соңғы 7 жыл бойы қамауда отырған осы 5 медбике мен палестиналық дәрігер 2004-інші жылы да өлім жазасына кесілген болатын. Бірақ Жоғарғы сот ол өкімді қайта қарауға жіберді. Халықаралық қоғам Ливия сотының соңғы шешіміне ащы наразылық білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG