Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскері жарты жыл уақытқа 15-30 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы АҚШ әскерінің қатарын уақытша ұлғайту жоспарын қарастыру үстінде. Ол туралы сейсенбі күні “президент пен Пентагонның арасында қарама-қайшы пікір бар” деген қауесетті жоққа шығарған Ақ үйдің ресми өкілі хабарлады. Ирақтағы АҚШ әскерінің қатарын 6 айдан 8 айға дейін 15-30 мың жауынгерге ұлғайту жоспары, Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, Ирақтағы ішкі қантөгісті ауыздықтаудың бір жолы ретінде қабылданып отыр. Осы күні Ирақта АҚШ-тың 135 мыңдық әскері тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG