Accessibility links

Президент кезектен тыс парламент сайлауын, ал оппозиция президент сайлауын өткізуді көздейді


БІШКЕК: Үкіметтің тарауына байланысты кеше Қырғызстан парламеті – Жогорку Кеңеш - өзінің төтенше сессиясын өткізді. Қырғызстанның жаңа конституциясына сәйкес, жаңа үкіметті парламент сайлауында басым дауыс жинаған саяси партия жасақтауға тиіс. Алайда қазіргі парламент партиялық тізім бойынша емес, өткен жылдың жазында ескі конституция бойынша сайланған болатын. Парламентті өз бетінше тарауына жеткізу үшін республика басшылығы елді қасақана саяси дағдарысқа соқтырды деп есептейтін қырғыз оппозициясы келесі жылдың көктемінде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG