Accessibility links

Еуропа Одағы елдері Мәскеуге БҰҰ-ы Қарарының жаңа нұсқасын ұсынды


НЬЮ-ЙОРК: Ұлыбритания, Франция және Германия Ресейге БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға жаза қолдану мүмкіндігі қарастырылған Қарары жобасының балама нұсқасын ұсынды. Германияның БҰҰ-ындағы елшісі Томас Матуссектің хабарлауынша, Қарар жобасына талқылауды тығырықтан шығару үшін енгізілген өзгерістер Ресейдің талабын ескереді. Оның алдында Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров құжатта “Иранды жазаға тартатын элементтері бар” деп мәлімдеген болатын. Бұл Қарар ядролық бағдарламасын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы жаза қолдану мүмкіндігін қарастырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG