Accessibility links

Махмұд Ақмединижаттың жақтастары сайлауда жеңіліп қалды


Тегеран қалалық мәслихатының сайлауында президент Махмұд Ақмединижаттың жақтастары жеңіліп қалды. Иран үшін маңызды сайлаудың қортынды нәтижесі жарияланды, қатаң бағыт ұстанатын президенттің жақтастарын байсалды бағыттағы консерваторлар мен реформашылар жеңді. Тегеран қалалық мәслихатында 15 орын болса, президент Ақмединижаттың жақтастары үш мандат қана алды. Махмұд Ақмединижаттың жақтастары Сарапшылар Ассамблеясы деп аталатын басқару мекемесінің сайлауында да жеңіліп қалды.
XS
SM
MD
LG