Accessibility links

Жаңа жалданған 1.100 полицейдің 15-сі қызметіне кіріспей жатып қаза тапты


БАҒДАД: Кеше үстіне жарылғышпен толтырылған кимешек киген жанкешті-террорист Бағдадта полицияға жаңа қызметкер жалдайтын орталыққа келіп, өзін-өзі жарып, 15 полицей мен жаңа қабылданған қызметкер қаза тапты. Көтерілісшілер Ирақ армиясы мен полицияға өз ықтиярымен жалданғандарға қарсы үнемі қастандық жасап келеді. Оның қарсаңында ғана Ирақ шенеунектері Әл-Анбар өлкесінде қызмет істеу үшін жаңадан 1.100 полицейдің жұмысқа қабылданғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG