Accessibility links

Тағы да атыс болды, бірақ ФАТХ пен “Хамас” арасындағы бітім бұзылмады


ГАЗА: Бүгін Палестина автономиясының “Хамас” ұйымы бастаған үкіметіндегі сыртқы істер министрі Махмуд Әз-Заһардың Газадағы үйінің маңында атыс болды. “Хамас” ұйымының жасағы бейтаныс қарақшылармен қақтығысып қалды. Бірақ жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, ол қарақшылар Автономия төрағасы М.Аббас басқаратын ФАТХ қозғалысына емес, жергілікті топқа жатса керек. Демек, ФАТХ пен “Хамас” ұйымы арасындағы сәрсенбі күні күшіне енген бітім бұзылған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG