Accessibility links

Бежиндегі көп жақты келіссөз тағы да нәтижесіз аяқталатын түрі бар


БЕЖИН: Бүгін Бежинде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөздің ақырғы – бесінші күні өтіп жатыр. 1 жылдан ұзақ үзілістен кейін қайта жалғасқан келіссөз әзірше ешқандай нәтиже берген жоқ. Ресми Пхеньян АҚШ осыдан 1 жыл бұрын енгізген қаржылай шектеуін жоғанша, өзінің ядролық бағдарламасы мәселесін талқылаудан жалтарып отыр. Бұл келіссөзге Солтүстік және Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Қытай және Жапония делегациялары қатысуда.
XS
SM
MD
LG