Accessibility links

ЕҚЫҰ-ы Түркіменстанға демократиялық реформа жүргізуге көмек беруге дайын


БРЮССЕЛЬ: Кеше әлемнің жетекші елдері С.Ниязовтың қазасын әрқилы қабылдады. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы Түркіменстандағы саяси билік халықаралық стандартқа сай ауысады деген үміттерін білдірді. Ресей, Украина, Түркия және тағы басқа елдер түркімен халқына көңіл айтып, елдегі саяси билік бейбіт жолмен, конституцияға сәйкес ауысуға тиіс деп атап көрсетті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Түркіменстандағы биліктің заңға сәйкес ауысуына және демократиялық реформаларды жүзеге асыруға өз көмегін ұсынды.
XS
SM
MD
LG