Accessibility links

АҚШ президенті Ирақтағы жаяу әскери күштерін нығайтпақ

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Доналд Рамсфельд өзінің алты жылдық қызметі кезінде армиядағы сарбаз санын қысқартып, оның есесіне, әскери технология мен барлау қызметін дамытуды негізгі мақсат еткен болатын. Бірақ оның орнына жаңа министр келіп, енді, президент Буш өзінің әскери жаңа стратегиясын ұсына бастады. Сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Буш АҚШтық жаяу әскери армия құрамын кеңейтү, ұлғайту қажет деген ойын айтып салды.

АҚШ президенті Буш Ирақтағы уақтынша күштерді бірден көбейтүдің орнына ондағы тұрақты армия, теңіз күштерінің санын бір шама ұлғайтқан жөн деп отыр. Бұл жөнінде ол жаңа бас министр Роберт Гейтстен тезірек өз ұсынысын айтуды өтініпті. Міне сондықтан болар Гейтс қазіргі кезде Ирақтағы әскери басшылық пен кеңесіп, пікір алмасуда.

Ал сәрсенбі күні журналистердің, Рамсфельд сонда, шағындау жинақы, бірак жедел қимылдайтын әскери күш қажет деп қателескені ме , деген сұрағына Прездент Буш:

- Бұрынғы қорғаныс министрі Рамсфельд Пентагонда айтарлықтай игі өзгерістер жасады. Мен оны қолдаймын. Бірақ бұл, армия мен теңіз күштерінің мүмкіндігі осымен шектеледі деген сөз емес. Дегенмен, біздің алдымызда әле әсірешіл экстремистермен болатын үлкен күрес тұр, - деді.

Дегенмен, президент Буш өзінің Ирақтағы жаңа стратегиясын Жаңа жылдан кейін ғана жарияламақ. Бірақ бұл арада Бірікен әскери күштер штабы басшылығы әскерлер санын уақтынша көбейтүге қарсы болып отыр екен. Оған себеп, әскерлерді қатарынан екі соғыс майданында – Ирақ пен Ауғанстанда ұстау қиынға түсіп отырғандығы шындық.

Бұл мәселеге орай демократтардан Конгресс мүшесі, комитеттің болашақ төрағасы Ике Скелтонның өза пікірі бар.

-Егер АҚШ армиясына қысым жасала беретін болса онда жағдай өзгере қоймас. Мен бұл орайда армия мен теңіз әскерлеріне қосымша қиындық жүктелеме деп қорқамын. Бұл күрделі жағдай жөнінде жуырда армия және теңіз штабы қолбасшылығы да айтты емес пе ? – дейді Скелтон.

Бір журналистің, Ирақтағы бұл соғыстан қандай сабақ алдыңыз, және жаңа стратегияңызда қандай мәселені жаңалық ретінде айтпақсыз деген сұрағына, АҚШ президенті, діни секталық шайқастар, жұрттың айтуынша азаматтық соғысқа айналып бара жатырекен дей келе,

– Сондықтан анық бір нәрсе Бағдадтағы секталық шайқасқа жол беру қателік болды. Сүнниттер мен Шииттер арасындағы қақтығыстардан кісі құрбаны көп болды. Бұл өте ауыр жағдай, - деді Буш.

Желтоқсанның алтысында Ирақты зерттеу тобынан сыртқы саясат бойынша сарапшылар бір ұсыныс ретінде Буш әкімшілігінен Ирақтағы жағдайды қалыптастыруға көмегі тиетін елдер қатарына Иран мен Сирияны қосқан болатын. Бірақ ол кезде Буш ол ұсынысқа ықылас танытпады.

Баспасөз кезінде сол сұрақ тағы да қайталанды.Буш, ядролық бағдарламасынан бас тартпаса онда Иранмен келіссөздерге отырмайтындығын тағы да қайталап, 2-дүниежүзілік соғысы кезіндегі Холокосты мойындамайтын Иранның қазіргі президентіне өз өкпесін білдіріп,

- Менің Иран халқына айтарым – сіздер тарихты қайта жазушылардан артық білесіздер, экономиканы өзге емес өздеріңіз жөндей аласыздар, ядролық қаруларды дамытпай-ақ, сіздер табысқа жете аласыздар, деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ, президент Буш, Ливанның ішкі ісіне араласуын тоқтатпаса, Хезболла сықылды топтарды қолдай берсе онда, Сирия мен де келіссөзге отыру мүмкін емес деген жауап айтқан.
XS
SM
MD
LG