Accessibility links

АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ираққа барып келді


Роберт Гейтс Ираққа сапар жасап келді, сапар қорытындысын сенбі күні президент Джордж Бушқа баяндамақ. Министр Гейтс АҚШ әскерінің санын уақытша көбейту ұсынысын қолдайтынын, не қолдамайтынын айтқан жоқ. Президент Буш осындай ұсынысты қарастырып жатыр. Министр Гейтс Ирақ үкіметі саны аз сүнниттер мен саны көп шиитердің арасында жанжалды тоқтату мәселесінде басшылық таныту керек деді. Ирақта кеше бес америкалық сарбаз қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG