Accessibility links

Сапармұрад Ниязов өлген соң Түркіменстан жетекшілері арасында текетірес ұлғайып жатыр


Түркіменстан президентінің міндетін атқарушы Гурбанқули Бердымұхамедов кеше парламент төрағасы Овезгелді Атаевты қызметінен алып тастады. Парламент төрағасы өкілеттігін асыра пайдаланған, моральдық тәртіпті бұзған деп айыпталды, оған қарсы қылмыстық іс ашылды. Парламент басшылығына уақытша Акия Нұрбердиева тағайындалды. Ел президентін сайлау күні келесі аптада белгіленбек. Гурбанқули Бердымұхамедов Түркіменстан сыртқа газ бен мұнай шығару міндеттемесін бұлжытпай орындай береді, еш бір оқиға бұған кері әсер етпейді, сырттағы тұтынушыларымыз бұған қам жемесін деп мәлімдеді. Бейсенбі күні қайтыс болған Ниязов туған ауылы Қыпшақта ертең жерленеді.
XS
SM
MD
LG