Accessibility links

Израиль үкіметі Палестинада жиналған 100 миллион доллар салық есеп-шотын қайта ашуға келісті


Ақша гуманитарлық шаруаларға жұмсалмақ. Палестина президенті Махмұд Аббас және Израиль бас министрі Эхуд Өлмерт кеше осы жайында келісті деп Палестина тарапынан ресми жарияланды. Эхуд Өлмерт Израиль үкіметінің жетекшілігіне келген бір жылдың ішінде олар алғаш рет кездесті. Тараптар Газа секторында орындалып жатқан бітім тәртібін Батыс Жағалауда асыруды талқылады. Эхуд Өлмерт Батыс Жағалауда жақын күндері кейбір тексеру бекеттерін алып тастауға уәде айтты.
XS
SM
MD
LG