Accessibility links

Сапармұрад Ниязов бүгін жерленіп жатыр


Елді жиырма жылдан астам билеген авторитарлық басшы Ниязовтың мәйіті алдымен Ашхабад сарайында бұқара қоштасуына шығарылды. Сосын 15 шақырым жерде орналасқан Ниязовтың туған ауылы Қыпшаққа апарылады, отбасы қорымында қойылады. Ниязовты жерлеуге Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты 40 шақты елдің басшылары келді. Елде жеті күн аза тұтылып жатыр. Президент міндетін атқарушы Гурбанқули Бердымұхамедов жұмысшыларға жалақы уақытында берілсін деп кеше орталық банкке бұйрық айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG