Accessibility links

Жапония мен АҚШ-та ғана өлім жазасы сақталып қалды


ТОКИО: Бүгін Жапониядан 1 жылдан асатын үзілістен кейін 4 тұтқынның дарға асылғаны туралы хабар келіп жетті. Күншығыс елінің Әділет министрлігі ол хабарды растады, бірақ нақты кімдердің және қайда дарға асылғанын айтпады. Соңғы рет дарға асу жазасы Жапонияда өткен жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылған болатын. Өлім жазасы - дамыған елдердің ішінде осы Жапония мен Америка Құрама Штаттарында ғана сақталып қалды.
XS
SM
MD
LG