Accessibility links

Палестина лидері бүкіл әлемнің христиандарын “Рождество” мерекесімен құттықтады


ТАЯУ ШЫҒЫС: Христиандардың “Рождество” мерекесінің басталуына байланысты бүгін Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Мұса пайғамбардың туған жері - Вифлеем қаласына барды. Киелі жерде ол бүкіл әлемнің христиандарын “Рождество” мерекесімен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. М.Аббас Мұса пайғамбардың кіндігі кесілген жерде тұрғызылған “Рождество” шіркеуі жанындағы шағын шіркеуге кіріп шықты. Бір кезде туризмнің орталығы болған Вифлеем - Израиль мен Палестина арасындағы жанжалдың салдарынан күйреді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG