Accessibility links

Иран лидері Қауіпсіздік Кеңесінің Қарарын “түкке тұрмайтын қағаз” деп бағалады


ТЕҺРАН: БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің өзіне қарсы жаза қолдану туралы Қарар қабылдауына қарамастан Иран уранды байыту бағдарламасын жүзеге асыра беретінін мәлімдейді. Иранның ядролық бағдарламасы бойынша ресми өкілі Әли Лариджанидің кеше мәлімдегеніндей, кеше Иран өзінің Натанцтағы ядролық орталығында уранды байытуға қажетті 3 мың центрофуга жабдығын орнатуға кірісті. Сенбі күні Иран президенті М.Ахмадинеджад елдің уран шикізатын байыту бағдарламасына бөгет қою туралы БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан қабылдаған Қарарын “түкке тұрмайтын қағаз” деп бағалап, “әлем ядролық Иранмен қатар өмір сүруге тиіс” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG