Accessibility links

АҚШ әскері Ирақта кемінде 4 ирандықты ұстап отыр деп хабарланды


Нью-Йорк Таймс басылымының хабарлауынша, АҚШ әскері Ирақта қазір кемінде 4 ирандықты ұстап отыр. Буш әкімшілігіндегі ресмилердің айтуынша, тұтқындалған азаматтардың арасында Иранның жоғары лауазымды әскери өкілдері бар көрінеді. Әлгі ирандықтар өткен аптада Ирақта жүргізілген рейдте ұсталыпты. Ол шара Ирақтың қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдарға қатысы бар болған күдіктілерді ұстау үшін жүргізілген болатын. Қазір осыған байланысты тергеу ісі жүріп жатыр деп хабарланды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG