Accessibility links

Милиция қызметкерлерін өлтірді деген күдіктілердің бірі оққа ұшып, екеуі қолға түсті


ЧЕРКЕССК: Кеше Ресейдің қауіпсіздік күштері Қарашай-Шеркес республикасының астанасы- Черкесск қаласындағы содырлардың көзін жою операциясын аяқтады. Қарашай-Шеркестің прокуроры Владимир Кузнецовтың хабарлауынша, оның барысында содырлардың бірі оққа ұшып, қалған екеуі тұтқындалған. Оларға Қарашай-Шеркес республикасында милиция қызметкерлерін өлтірді деген күдік түсіп отыр. Ресейдің қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындардың ішінде жапа шеккендер жоқ.
XS
SM
MD
LG