Accessibility links

Оппозицияның наразылығын туғызған заң Н.Назарбаевтың жеңісінен кейін ғана жойылды


АСТАНА: Кеше Қазақстан президенті Н.Назарбаев сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан бастап сайлау қорытындысы жарияланша, митингі мен шерулер өткізуге тыйым салатын өзгерістерді жою жөніндегі "Қазақстанның сайлау туралы” заңына өзгерістер енгізу туралы” заңға қол қойды. Шерулерге тыйым салу туралы өзгерістер өткен жылғы президент сайлауы қарсаңында қабылданды. Ол сайлауда республиканы 1989-ыншы жылдан бері үзіліссіз басқарып келе жатқан президент Н.Назарбаев 91 пайыздан көп дауыспен жеңіске жеткен болатын. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бұл сайлауды халықаралық стандартқа лайық өтпеді деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG