Accessibility links

Ирақта Иранның бірнеше өкілі мен 2 дипломаты ұсталды


ВАШИНГТОН: Ақ үйдің мәлімдеуінше, Ирақтан Иран өкілдерінің тұтқындалуы “ресми Теһран Ирақтың ішкі істеріне араласады” деген АҚШ-тың күдігін растайды. Әйтсе де, Ақ үйдің ресми өкілі Алекс Конанттың атап көрсеткеніндей, президент Дж.Буштың әкімшілігі кез-келген тұжырымға келерден бұрын бұл істің толық тергелуін күтеді. АҚШ шенеунектерінің хабарлауынша, Ирақтағы халықаралық күштер мен Ирақ армиясына және Ирақ халқына қарсы қастандық шабуылдарды жоспарлап, жүзеге асыратындарға қарсы жүргізілген операция барысында АҚШ әскері Иранның көп өкілін, оның ішінде 2 дипломатты қолға түсірді. Кейінірек 2 дипломат босатылды.
XS
SM
MD
LG