Accessibility links

С.Ниязовтың қазасынан кейін де оппозицияның сайлауға қатысуына жол жоқ


АШХАБАД: Бүгін Ашхабадта Түркіменстанның жоғарғы заң шығарушы билігі – Халық маслихатының төтенше мәжілісі өтеді. 2.5 мың халық және жергілікті билік өкілдерінен тұратын Халық маслихаты кезектен тыс президент сайлауын өткізетін күнді және президент С.Ниязовтың қайтыс болуынан кейін сайлауға кімді ұсынуға болатынын талқылауға тиіс. Түркімен конституциясына сәйкес, 40-тан 70-ке дейінгі, түркімен тілінде еркін сөйлейтін және Түркіменстанда соңғы 15 жыл тұрған азамат президент болып сайлана алады. Түркімен оппозициясы сайлауға өзінің бірден-бір үміткерін ұсынбақшы. Алайда жаңа билік егер оппозиция лидерлері елге оралатын болса, дереу қамауға алынатынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG