Accessibility links

Эфиопия Сомалидің үкіметі жағында соғысып жатқанын енді жасырмайды


МОГАДИШО: Кеше Эфиопияның әскери әуе күштері Сомалидің 2 әуе жайына соққы берді. Әуе соққысы Сомалидің астанасы – Могадишоның халықаралық әуе жайына және елдің оңтүстігіндегі әуе жайға берілді. Эфиопия әскері Сомалидің Могадишодан әлдеқашан исламшыл күштері ығыстырған үкімет әскерін қолдайды. Жексенбі күні Эфиопия әскері исламшылдардың қолына көшкен бірқатар қаланы соққыға алды. Жаяу әскер шекара бойындағы шағын Беледуэйн елді-мекенін босатты. Өзге қалаларда шайқас жалғасуда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG