Accessibility links

2008-інші жылғы президент сайлауына сенатор-демократ Дж.Байден дауысқа түседі


ВАШИНГТОН: АҚШ Сенатындағы халықаралық комитеттің қызметіне енді кірісетін төрағасы Джозеф Байден президент Дж.Буштың Ирақтағы АҚШ әскерінің қатарын ұлғайтуға бағытталған кез-келген іс-әрекетіне қарсы болатынын мәлімдейді. Алдағы қаңтар айынан бастап АҚШ Конгресінің қос палатасында да басым дауысқа ие болатын Демократиялық партиядан сайланған сенатор Дж.Байден Ираққа АҚШ-тың қосымша әскерін жіберуді “барып тұрған нашар стратегия” болар еді деп есептейтінін атап көрсетті. Американың Делавэр штатынан сайланған сенатор Байден, сонымен қатар, 2008-інші жылғы президент сайлауында дауысқа түспекші.
XS
SM
MD
LG