Accessibility links

АҚШ-ты “емдеп”, “президентке деген сенімді қалпына келтірген” Дж.Форд қайтыс болды


ВАШИНГТОН: Соңғы кезде көп ауырған АҚШ-тың экс-президенті Джеральд Форд 93 жасында қайтыс болды. Дж.Форд – АҚШ тарихындағы сайланбай президент болған жалғыз саясаткер. Вице-президент болып тұрған 1974-інші жылы ол Ричард Никсонның “Уотергейт жанжалы” нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болуынан кейін оның орнына отырды. 1976-ншы жылы Республикалық партияның атынан президент сайлауына түсіп, демократтардың үміткері Джимми Картерге жеңіліп қалды. АҚШ-тың қазіргі президенті Дж.Буш өзінің көңіл айтқан хатында: “Джеральд Форд – Американы “індеттен емдеп”, “қоғамның президентке деген сенімін қалпына келтірді” деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG