Accessibility links

Ирақтың бұрынғы диктаторы өзін “жазықсыз құрбан” деп санайды


БАҒДАД: Саддам Хуссейн дарға асылуға “құрбан” ретінде баратынын мәлімдеп, Ирақ халқын өзінің жауына қарсы күш біріктіруге шақырды. Ирақтың бұрынғы диктаторы бұл үндеуін түрмедегі бөлмесінен жолдады. С.Хусеин – 30 күннің ішінде өлім жазасына тартылуға тиіс. Өйткені, сейсенбі күні Ирақтың аппеляциялық соты “адамзатқа қарсы қылмыстар істеді” деген айыппен Ирақтың бұрынғы диктаторына шығарылған өлім жазасын күшінде қалдырды. “Баас” партиясы егер өзінің лидері дарға асылатын болса, оған есе қайтаратынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG