Accessibility links

Г.Бердімұхаммедовтің президент болып сайлануына “барлық мүмкіндік” жасалды


АШХАБАД: Бүгін Түркіменстан газеттерінде конституцияға президент міндетін атқарушы Гурбангулы Бердімұхаммедовтің ақпан айындағы президент сайлауына түсуіне мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу жобасы жарияланды. Қазіргі Ата заңға сәйкес, президенттің өзі немесе президент міндетін атқарушы тұлға сайлауда дауысқа түсе алмайтын. Сондай-ақ өткен аптада президент С.Ниязовтың қайтыс болуынан кейін, конституция бойынша, мемлекет басшысының міндетін атқаруға тиісті парламент төрағасы Овезгелді Атаев бүгін ресми түрде лауазымнан босатылды.
XS
SM
MD
LG