Accessibility links

Қырғыз оппозициясы жаңа конституцияны өзгертуге түбегейлі қарсы


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстанның оппозициялық “Реформалар үшін” қозғалысы егер парламенттің “президентшіл” депутаттары өткен айда қабылданған конституцияны өзгертуге тырысатын болса, оған қарсы жаппай наразылық шарасын ұйымдастыратынын мәлімдеді. Жогорку Кеңештің “президентшіл” депутаттары президенттің жаңа конституция бойынша шектелген кейбір билік құзырын қайта кеңейту туралы ұсыныс енгізді. Қырғызстаның жаңа конституциясы қараша айының басындағы жаппай наразылық митингісінің қысымымен қабылданған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG