Accessibility links

АҚШ Түркменстанды еркін де әділ сайлау өткізуге шақырып отыр


Америка Түркменстан билігін өткен аптада қайтыс болған авторитарлық билік жүргізген Сапармұрат Ниязовтың орнына президент сайлауын әділ, ашық және еркін етіп өткізуге шақырып отыр. Сейсенбі күні Түркменстанның Халық кеңесі 11-ақпанда болатын сайлауда президенттіктен үміткер ретінде 6 кандидатты тіркеген болатын. Басты кандидат – С.Ниязовтың қазасынан бері мемлекетті уақытша басқарып отырған Гурбангулы Бердімұхамедов. Көпшілігі сыртта қуғында жүрген оппозицияның бірде-бір кандидаты ресми түрде аталған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG