Accessibility links

Ирақта Саддам Хұсейнді дарға асуға дайындалуда


Бағдадтан алынған хабарларға қарағанда, Ирақ әкімшілігі Ирақтың бұрынғы диктатор жетекшісі Саддам Хұсейнді алдағы апталарда дарға асуы мүмкін екен. Үкіметтік ресмилер ол өлім жазасының қалай іске асуы жөнінде ештеме айтпағанымен, Әділет министрі ал-Шибли, адамзатқа қарсы қылмысы үшін Саддам Хұсейнге жарияланған үкім, сот заңымен 30 күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс, депті. Ал желтоқсанның 27-сінде түрмеден жолдаған хатында Саддам Хұсейн Ирақ үшін құрбан болуға дайын екендігін білдіріпті. Бұл арада Бағдадта бүгін болған 3 бомба жарылысынан кемінде 23 адам қаза тапты. Олардың үшеуі американдық сарбаздар.
XS
SM
MD
LG