Accessibility links

Саддам Хұсейн ақиқатында жарық дүниемен қоштаса ма?


Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хұсейннің адвокатынан Хұсейн мен оның немере інісі, Ирақ қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы ал-Тикритидің заттарын абақтыдан алып кетүін сұрапты.

Ресми емес хабарға қарағанда, Саддам Хұсейн АҚШ түрмесінен енді Ирақ абақтысына көшіріліпті. Нью Йорк Таймс газетінің Ақ үйден алынған дерекке сүйеніп жазғанындай, Саддам Хұсейнге жарияланған өлім жазасы тез арада іске асырылуы мүмкін екен. Ал Еуропа одағының Финляндиялық президенттік басшылығы Саддам Хұсейнге жарияланған өлім жазасына қарсы екендігін білдірді. Сондай-ақ, БҰҰның адам құқықтары бөлімі басшысы Луис Арбурдың айтуынша, сот үдерісі түгелдей әділ өтпеген.

Бірақ Ирақ бас министрі Нури ал-Маликидің бүгін айтуынша, Ирақ әкімшілігінің бұл жазаны орындауын ешкім тоқтата алмайды екен.
XS
SM
MD
LG