Accessibility links

Конгресс “Американы тығырықтан алып шыққан” Дж.Фордпен қоштасты


ВАШИНГТОН: Вашингтонда АҚШ Конгресінің мүшелері 27-нші желтоқсан күні 93 жасында қайтыс болған экс-президент Джеральд Фордпен қоштасты. Марқұмның табыты қойылған Капитолийде АҚШ-тың вице-президенті Ричард Чейни “Джеральд Форд Американы дағдарыстан алып шықты” деп оның президент билігіндегі қызметіне жоғары баға берді. Вице-президент болып тұрған 1974-ншы жылы Дж.Форд – “Уотергейт” жанжалы салдарынан биліктен кетуге мәжбүр болған Ричард Никсонның орнына сайланбай-ақ президент болып отырды.
XS
SM
MD
LG