Accessibility links

Сомалиде ислам қозғалысының қолында соңғы бекініс қалды


МОГАДИШО: Жаугер ислам қозғалысының соңғы бекінісі болып қалған қалаға Эфиопия әскерінің соққы беруі қарсаңында Сомалидің мыңдаған тұрғыны қаладан жан-жаққа жапа-тармағай қашып жатыр. Сомалидің үкімет армиясы мен Эфиопия әскері жаугер ислам қозғалысын “Әл-Қаида” ұйымының экстремистерін паналатып отыр деп айыптады. Таяуда болып өткен шайқастарда ислам қозғалысының қарулы жасақтары Сомалидің астанасы – Могадишо мен басқа да ірі қалаларынан кейін шегінуге мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG