Accessibility links

Еуроодаққа қабылдану үшін Болгария ескі атом электр стансасын жабуға тиіс


СОФИЯ: Болгария Козлодуй атом электр стансасынның жартысын жабуға дайындалу үстінде. Бұл шара арзан электр қуатын өндіру көлемін азайтады, бірақ ол Еуропа Одағына кіру үшін қажет болып отыр. Болгарияның Еуропа Одағына мүше болып кіретін түнгі сағат 12-ге 2 сағат қалғанда Козлодуйдің 4 атом реакторының екеуі тоқтатылуға тиіс. Атом стансасының директоры Кирилл Николовтың мәлімдеуінше, атом реакторлары елдің экспортқа шығаратын электр қуатының көлеміне тең қуат өндіріп келді. Болгария – Балкан түбегі елдерін электр қуатымен қамтамасыз ететін елдердің бірі. Еуропа Одағы Болгария көтеретін шығынның жартысын өтейтін болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG