Accessibility links

Бан Ги-Мун – БҰҰ-ының 8-інші жаңа Бас хатшысы


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Оңтүстік Кореяның бұрынғы сыртқы істер министрі Бан Ги-Мун БҰҰ-ының Бас хатшысы міндетін орындауға ресми түрде кірісіп, жұмысын қантөгіс жалғасып жатқан Сомали мен Суданның Дарфур өлкесіне сапар шегуден бастайды. Бан Ги-Мун – Ұлттар Ұйымының 8-інші Бас хатшысы. Ол – БҰҰ-ын соңғы 10 жыл бойы басқарып келген және Ұлттар Ұйымымен бірге 2001-інші жылы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын алған Кофи Аннанның орнына сайланды.
XS
SM
MD
LG