Accessibility links

Тайландтағы террористік қастандықтарды мұсылмандар ұйымдастырған жоқ


БАНГКОК: Тайландта өткен жылдың қыркүйегінде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкіметті жасақтаған армия басшылары биліктен қуылған премьер-министр Таксин Шинаватраның сыбайластарын жексенбі күнгі террористік қастандықтарды ұйымдастырды деп айыптады. Кеше, Жаңа жылдың дәл қарсаңында, Бангкок қаласында бірнеше дүркін жарылыс болып, одан 3 адам қаза тапты, 38 кісі жараланды. Тайландтың қазіргі премьер-министрі Сураюд Чуланонт нақты ешкімнің атын атамай, қастандықты “бұрын биліктен қуылғандар істеді” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG