Accessibility links

Сомали күштері Кисмаю портынан исламшыл соғысушыларды ығыстырып шығарды


Сомали премьер-министрі Әли Мохаммед Джеди үкімет күштері Эфиопия армиясының көмегімен елдің оңтүстігіндегі Кисмаю портына кіріп, исламшыл соғысушыларды ығыстырып шығарды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, исламшыл жасақтар қашып кеткен, ал әуежайы мен теңіз порты азат етілген. Премьер-министр барлық Сомали азаматтарынан, оның ішінде дала қолбасшылары мен рулардың қарулы жасақтарынан 5-інші қаңтарға дейін қаруын тапсыруды талап етті. Джеди, сондай-ақ, исламшыл соғысушыларға рақымшылық жасайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG