Accessibility links

Сулавеси аралында орын алған ұшақ апатынан 90 адам құрбан болды


Индонезияның билік орындары Сулавеси аралында жоғалып қалған жолаушы ұшағын тапқандарын хабарлады. Ресмилердің айтуынша, ұшақ апатқа ұшыраған, оның салдарынан 90 адамның құрбан болғаны анықталған. Ал қалған 12 кісі аман қалды деп хабарланып отыр. Ауа-райының бұзылуына байланысты ішінде 102 адам болған Боинг-737 ұшағымен байланыс үзілген болатын. Бұл ұшақ дүйсенбі күні Ява аралынан Сулавесиге аттанған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG