Accessibility links

Жаңа террористік шабуылдарға АҚШ-тың 4 қаласы ғана дайын


ВАШИНГТОН: 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террористік шабуылдан кейін Американың 4 ірі қаласы ғана апатқа қарсы тұратын толыққанды үйлестіру жүйесін құрып үлгерді. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментінің қазіргі ғана жарыққа шыққан баяндамасында осылай делінеді. Зор апат болған кезде полиция мен өрт сөндірушілердің және жедел дәрігерлік көмектің қоян-қолтық шұғыл әрекет етуін үйлестіретін жүйе Вашингтон мен Сан-Диего, Миннеаполис пен Колумбус қалаларында ғана құрылған, ал төтенше жағдайларға дайын қалалардың тізімінде Нью-Йорк тек 14-іші болып тұр.
XS
SM
MD
LG