Accessibility links

Жолаушы поезына жасалған террористік қастандықты тергеу әлі жалғасуда


МАДРИД: Испан полицеясы халықаралық терроризммен байланысы бар деген күдікпен 5 адамды ұстады. Испания ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, осы 5 күдікті 2004-інші жылдың наурызында Мадрид қаласындағы жолаушы поезына жасалған қастандыққа қатысы бар 2 адамға қамаудан құтылуға көмектескен тәрізді. Сол қастандықтың салдарынан 191 жолаушы қаза тапқан болатын. Ақпан айында испан соты осы қастандық бойынша негізінен испандар мен мароккалықтардан тұратын 29 адамның қылмыстық ісін қарауға кіріседі.
XS
SM
MD
LG