Accessibility links

Бейбіт ядролық бағдарламасын дамытуға Иран өзінің толық құқы бар деп санайды


ТЕҺРАН: Иранның уран шикізатын байытудан бас тартпағаны үшін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің оған жаза қолдану туралы Қарар қабылдауына қарсы бүгін Ұлттар Ұйымының Теһрандағы өкілдігі алдында наразылық шеруі болды. Хабарға қарағанда, азаматтық Басидж жасағының мүшелері шеруге өткен айда қабылданған осы Қарардың жобасын ұсынды деп АҚШ пен Ұлыбританияға және Изральге қарсы үндеулер көтеріп шықты. Шеруге шыққан халық Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын дамытуға деген құқын сыйлауға шақырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG