Accessibility links

Дарға асылуы алдында С.Хусеин еш сыр бермей, өзін сабырлы ұстады


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының басшылығы С.Хусеиннің дарға асылуына өзінің ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. АҚШ армиясының өкілі генерал Уильям Колдуэлл атап көрсеткендей, АҚШ әскері С.Хусеинді Ирақ үкіметіне тапсыру кезіндегі қауіпсіздікке ғана жауапты болды. Оның сөзіне қарағанда, С.Хусеинді күзеткен АҚШ армиясының өкілдері өлім жазасына кетіп бара жатқан Хусеиннің сыр бермей өзін “сабырлы” ұстағанын айтқан. Ирақ үкіметі С.Хусеинді дарға асу алдында оны сымсыз телефонның бейнекамерасына түсіріп, балағаттаған адамды табу үшін тергеу жүргізетінін хабарлады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG