Accessibility links

Боснияның жаңа премьер-министрі ел халқын біріктіруді басты міндет деді


Боснияның үкіметбасы алдағы кезек күттірмейтін ең бірінші мәселе - ел құрамындағы Српска республикасы мен мұсылман-хорват федерациясы арасындағы бір-біріне деген жек көрушілікті жою деп есептейді. Никола Спирик премьер-министр болып бекітілгеннен кейін осындай мәлімдемені күнделікті шығатын "Дневни Аваз" басылымында жасаған. Босния құрамындағы екі ұлтты біріктіретін орталық институт байланысы әлсіз деп есептеледі. Орталық үкіметті нығайту - Европа одағы мен НАТО одағының басты ұсыныстары болып табылады.
XS
SM
MD
LG