Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО күштері ауған балаларының ойыншық қару, мылтықтармен ойнағандарын қаламайды


Олар ата-аналардың мұндай ойындарға тыйым салуларын талап етуде. Мұндай ойындар ойнап, балалардың ойыншық қару ұстап жүргенін түсінбей қалған жерде өкіндіретін жайттар кездесіп қалуы мүмкін деп ескертеді олар. Халықаралық бітімгершілік күштері қасиетті мұсылман айт күндері балаларға сыйлық ретінде берілген осындай ойыншық қарулардың тым көбейіп кеткендігін айтқан. Сонымен бірге кейбір ойыншық деген мылтықтардың өзі кәдімгі шын мылтық, қаруларға қатты ұқсас болып келеді, сондықтан оларды бақылаушылар қару деп ойлап қалуы мүмкін деп атап көрсетеді.
XS
SM
MD
LG