Accessibility links

АҚШ конгресінің тарихында тұңғыш әйел спикердің сайлануы және мұсылман өкілінің конгресс қатарына сайлануы аталып өтуде


Сонымен өкілдер палатасының тізгінін қолына алған алғашқы әйел Ненси Пелоуси болса, енді конгресмендер қатарында мұсылман өкілі де отыратын болды. Сейсенбіде жаңа сайланған конгресмендер ант қабылдады, ал Кейт Еллисон өз жеке кабинетінде бір кезде АҚШ президенті Томас Джефферсондікі болған Құран-кітабымен ант етті. Өкілдер палатасының қатарына кірген будда дінінің екі өкілін де әріптестері қоштап, құптап қарсы алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG