Accessibility links

Қытай президенті Ху Жиңтао Иранға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына жауаптылықпен қарау керектігін ескертті


Қауіпсіздік кеңесінің қарары Ираннан уран байыту ісін тоқтатуды талап еткен-ді. Мемлекеттік теледидар Ху Жиңтао Иранның ядролық істер жөніндегі бас келісімгері Әли Ларижанимен әңгімелесу барысында Қауіпсіздік кеңесінің қарары Техранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын білдіреді деп атап көрсетті деген хабар таратты. Ал Бейжіңдегі екі күндік сапарын аяқтай келе Ларижани Техранның ядролық технологиялары бейбіт мақсатқа бағытталғанын және оның әзірге ешқашан қауіп төндірмегенін айтқан.
XS
SM
MD
LG