Accessibility links

Қытай президенті Ирандағы ядролық бағдарламаға орай тисті жауап берілуін сұрайды


Қытай президенті Ху Дзинтао Техранды БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жуырда санкция жөнінде жариялаған қарарына аса мұқияттылықпен жауап беруге шақырды. Ол шектеулі санкция Иранның уран байытуын тоқтатпағандығы үшін жарияланған болатын. Ху бұл жөнінде Бейжинге 2 күндік жұмыс сапарымен келген Иранның ядролық бағдарлама бойынша елшісі Әли Ларижаниге айтқан. Ларижани өз кезегінде Ирандағы ядролық бағдарлама бейбіт мақсатқа арналған деді.
XS
SM
MD
LG