Accessibility links

Беларусь Ресейдің Польша мен Германияға арналған мұнай тасымалының көлемін азайтты


Президент Александр Лукашенко Беларус елі энергия көздеріне байланысты бопсалауларға бола өз егемендігінен айрылмайды деп мәлімдеді. Осыдан бір күн бұрын Ресей тарапы өз мұнайының тасымал бағасына байланысты күресетіндігін ескерткен болатын. Ал ресми Минск болса, салықты төлемегені үшін Ресейдің Транснефьт компаниясын сотқа тартып отырғандығын айтты. Беларусь мемлекеті Ресей газы үшін екі есе құн төлеуге келіскен болатын. Ал соңғы хабарға қарағанда, Беларусь жағы Ресейдің Польша мен Германияға арналған мұнай тасымалының көлемін азайтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG