Accessibility links

Алматы тұрғыны, мүгедек Андрей Крылов пен оның отбасын мәжбүрлеп көшіру жөніндегі «Алматыжер» кәсіпорнының шағымы бойынша сот отырысы болды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қаңтардың 9-ы күні Алматы қалалық Бостандық аудандық соты судья Людмила Бектемірованың төрайымдылық етуімен Алматы тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Андрей Крылов және оның отбасын Абай көшесі мен Бауман көшесі қиылысындағы ескі жер үйінен мәжбүрлеп шығару жөніндегі «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Құрылыс» компаниясының шағым арызын қарау сот процессін жалғастырды.

Сотқа жауапкер ретінде шақырылып отырған Алматы қаласындағы Абай көшесі мен Бауман көшелері қиылысындағы нөмірі бірінші үйдің тұрғыны, мүгедек Андрей Крыловтың айтуынша ‘Алматыжер‘ мемлекеттік кәсіпорны мен ‘Құрылыс‘ компаниясы осы Абай көшесі бойындағы ескі жер үйлерді қирату олардың орнына жаңадан көп қабатты тұрғын үй салу жұмысын бастағалы отыр. Сондықтан бірінші кезекте осындай тағдырға 30 жер үй ұшырап отыр. Ал осы үйлердің иелері ‘Алматыжер‘ мемлекеттік кәспорнының бұл жоспарын орындаудан бас тартқандықтан ‘Алматжер‘ бұл азаматтарды сотқа беріп отыр дейді А.Крылов.

А.Крыловтың айтуынша оның 3 бөлмелі жер үйі мен 4 соттық учаскелік жеріне оу баста өтемақы ретінде 35 мың АҚШ долларын ұсынған енді бір жыл өткеннен соң бұл 120 мың АҚШ долары болған. Алайда бұл ақшаға Алматы орталығынан екі бөлмелі пәтер үй сатып алуға жеткіліксіз дейді ол.

Сейсенбі күні Бостандық аудандық сотына жауапкер ретінде шақырылған А.Крылов пен оның зайыбы Анна Жуковская сот процесі өтіп жатқан алақандай бөлмеге кіре алмады. Себебін сұрағанымызда, А.Жуковская сот процесі өтетін бөлменің өте тар кішкентай болғандығынан сот процесіне тек судья, адвокаттар мен айыптаушы, сондай-ақ «Алматыжердің» өкілі ғана кіргенін, қалғандарын сот орындаушысы бөлмеге кіргізбей қойғанын айтты.

Шамасы 2 сағаттай уақытқа созыылған сот процессі сотқа арыз беруші жақтың куәгері атап айтқанда құрылыс салушы ‘Құрылыс‘ компаниясының өкілінің келмеуінен және сотқа ұсынылған кейбір құжаттардың жеткіліксіз болуынан кейінге яғни қаңтардың 17-сіне шегерілді.

Сот процессіне төрайымдылық жасаушы судья Людмила Бектемірова ‘Азаттық‘ радиосына берген сұқбатында сот процессінің әлі біраз уақыт жалғасатындығын, сот шешімі қалай болатындығын алдағы уақыт пен жағдай көрсететіндігін айтты.

Ал заңгер Василий Резванның айтуынша өзінің қорғауындағы 30 үйдің иелері барлығы да қиратылатын үйлері мен жер учаскелеріне нарық бағасы бойынша төлемақы төлеуді сұрап отыр. Басқа ешнәрсені сұрап отырған жоқ. Ал Алматыдағы жер иелерінен арзанға жер сатып алып оның орнына аса қымбат тұрғын үй салып оны сатумен әуестеніп кеткен олигархтар болса олардың бұл сөздерін тыңдар емес мәселені тек сот арқылы шешкісі келіп отыр дейді ол. Сонымен келесі сот отырысы қаңтардың 17-сіне қалтырылды.
XS
SM
MD
LG