Accessibility links

Бүгін Қазақстан парламентінде премьер-министрлікке К.Мәсімовтың кандидатурасы талқыланады


Қазақстанның “Нұр-Отан” партиясы елдің премьер-министрлігіне президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын қолдады. Қытайда оқыған ұлты ұйғыр Мәсімов өткен жылы вице-премьер болып тағайындалған және экономика мен бюджетті жоспарлау министрлігін басқарған. Депутат Жолшыбек Әмзібеков “Нұр-Отан” партиясы президент ұсынған кандидатураны, әрине, қолдайды деп мәлімдеді. Бүгін Қазақстан парламентінің бірлескен отырысында премьер-министр лауазымына Мәсімовтың кандидатурасы талқыланады деп күтілуде. Даниал Ахметов жетекшілігіндегі Қазақстан үкіметі дүйсенбі күні белгісіз себептермен отставкаға кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG